1-қыркүйек Білім күні » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 1-қыркүйек Білім күні
01
сентябрь
2022

1-қыркүйек Білім күні

6 жалпы білім беретін мектебінде 2022 оқу жылында 1-қыркүйек Білім күніне арналған "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық  қасиет" атты салтанатты мерекелік жиыны өткізілді. Салтанатты мерекелік жиынға жоспар құрылып, мектеп директорының мөрімен бекітілді. Мектептің алдыңғы алаңы мереке тақырыбына сай әсем безендірілді. Мектеп мұғалімдері, ауыл ата-аналары, шақырылған қонақтар қатысты. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Б.Байтаев мектеп алдында сағат 9.00-де оқушыларды сапқа тұрғызып,  мектеп директоры Менилбеков Бақтияр Смәділұлына мектептің оқушылары салтанатты мерекелік жиынға дайын екендігі туралы рапорт берді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтеріліп, Гимні орындалды. Салтанатты мерекеге  мектеп директоры Б.С.Менилбеков, ата-аналар комитетінің төрайымы З.Б.Бактыбековна, Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл маманы Б.А.Бекжанов, Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы А.Д.Сәкенұлы оқушыларға өз тілектерін,  өсиеттерін айтып, жаңа оқу жылымен құттықтады. Салтанатты жиын барысында мектеп оқушылары  және 1 сынып оқушылары жаттаған тақпақтарын,  патриоттық әндерін айтып,  би билеп, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар алғашқы қоңырау соғу сәті болып ел қуанышына бөленді. "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет " атты тақырыбында сынып сағаттары және салтанатты жиын өз деңгейінде өтті.