1 қыркүйек –Білім күніне арналған салтанатты жиын » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » 1 қыркүйек –Білім күніне арналған салтанатты жиын
03
сентябрь
2018

1 қыркүйек –Білім күніне арналған салтанатты жиын

Мектепте  1қыркүйекте Білім күні мерекесі  орай «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің рөлі» қарсаңында салтанатты жиын өткізілді. Жиынға  аудандық білім бөлімінің әдіскері Усина Гүлім Ерсайынқызы, Кеңес ауылының әкімі Е.Джапаркулов, ауыл емханасының аға дәрігері Д.Қанжігітова,  ардагерлер ұстаздар  қатысты.
Салтанатты жиында мектеп директоры Б.Меңілбеков, аудандық білім бөлімінің әдіскері Усина Гүлім Ерсайынқызы, Кеңес ауылының әкімі Е.Джапаркулов, ауыл емханасының аға дәрігері Д.Қанжігітова,  ардагер  ұстаз Ф.Халықова ұстаздар мен оқушыларға өздерінің игі тілектерін айтты. Сонымен қатар мектеп табалдырығын алғаш  рет аттағалы тұрған жас бүлдіршіндерді құттықтап, оларға құтты қадам тіледі. Одан кейін бүлдіршіндердің өнері тамашаланды.
Салтанатты жиын аяқталғаннан кейін, 1-4 сыныптарда «Астанаға-20 жыл», 5-8 сыныптарда «Туған жер», 9-11 сыныптарда «Адам капиталын дамыту факторларындағы тәрбие жүйесінің рөлі» тақырыбында білім сабақтары өткізілді.Тәрбие сағаттарында оқушылар өздерінің Отанға, өз еліне деген сүйіспеншіліктерін, отансүйгіштік,е лжандық сезімдерін білдірді. Бастауыш сыныптарда бүлдіршіндер Отан, Астана туралы, достық туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер айтып, әндер шырқады. Ал ортаңғы буында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Олар туған жер, туған өлкенің табиғаты,бейбітшілік тақырыптарына өздері шығарған өлеңдерін оқыды.
Білім күніне арналған іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді.

1 қыркүйек –Білім күніне арналған салтанатты жиын

 

1 қыркүйек –Білім күніне арналған салтанатты жиын

 

1 қыркүйек –Білім күніне арналған салтанатты жиын

 

1 қыркүйек –Білім күніне арналған салтанатты жиын

 

1 қыркүйек –Білім күніне арналған салтанатты жиын