Мектепте «Жеңіл атлетика» үйірмесі жүргізіледі. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Мектепте «Жеңіл атлетика» үйірмесі жүргізіледі.
11
сентябрь
2023

Мектепте «Жеңіл атлетика» үйірмесі жүргізіледі.

Мектепте «Жеңіл атлетика» үйірмесі жүргізіледі. Үйірмеге 5-10 сыныптардан 30 оқушы қатысады. Үйірмені дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сейітбай Тайжанов жүргізеді. Жеңіл атлетика, спорттыңең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүруұзындық пен биіктікке секіруспорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көп     сайыстар енеді. Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталған. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған.
 Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.
 Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Үйірме бекітілген кесте бойынша  сейсенбі, бейсенбі күндері өткізіліп, оқушылардың қызығушылықтарын туғызуда. Аудандық жарыстарға қатысып 12 оқушымыз жеңімпаз атанды.