«Мектепке тағзым»
№6 жалпы білім беретін мектебінде өткізілген «Мектепке тағзым» атты акцияның анықтамасы
Мектебімізде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру мақсатында 10 қазан - 25 мамыр аралығында «Мектепке тағзым» атты акция шеңберінде іс – шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Акцияның мақсаты: Түлектерді туған жеріне, білім алған мектептеріне, сабақ берген ұстаздарына құрмет көрсетуге шақыру, оқушыларға өз мектептерін бітірген танымал түлектердің табысты өмір жолын үлгі ету. Жоспар бойынша мектебіміздің танымал түлектері туралы мәліметтер базасын жинақтадық. Осы мәлімет бойынша мектебіміздің түлегі Меркістанұлы Ерболқонаққа келді. Ол оқушыларға жеке кәсібін қалай ашқанын және өзінің табысты өмір жолы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, ол өзінің білім ошағына сый – құрмет көрсетіп, мектеп оқушылары үшін қажетті спорттық киімдерді және доптарды сыйға тартты. Қонағымыздың құрметіне мектебіміздің дарынды оқушылары ән, би орындады.