«Отбасы-рухани жаңғыру негізі»
«Отбасы-рухани жаңғыру негізі» ұранымен
өткізілген апталық туралы
Хабарлама
№6 «Кеңес» орта мектебінде 2017 жылдың 5 қыркүйегінде сағ.1500-де апталықтың ашылуына байланысты жиын өтті. Мектеп директорының міндетін атқарушы Б. меңілбеков сөз сөйлеп, отбасының адам өміріндегі ерекше маңыздылығына және ата-ананың қоғамдағы ролі туралы айтып өтті.
9 «А» сыныбының жетекшісі Шынықова Айдын «Отбасы тәрбие бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел өте қызықты және тартымды өтті.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Г. Қалдыбаева және М. Кобасилова «Менің отбасым» тақырыбында 9-11 сынып оқушылар арасында шығарма байқауын өткізді. Мектеп тәлімгерлері З. Серикова және Д. Қожайбаева ата-аналармен «Өнеге отбасынан басталады» тақырыбында кездесу өткізіп, пікір алмасты.
Сурет пәнінің мұғалімдері Л. Айтбаева,
А. Орынбасарова 5-8 сынып оқушылармен «Бақытты отбасы» сурет байқауын жоғарғы
дәрежеде өткізді. Апталық жоспарға сәйкес сапалы, ұйымшылдықпен атқарылды.