«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
№6 «Кеңес» орта мектебінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында 2017 жылдың қыркүйек айында атқарылған іс-шаралар туралы анықтама.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру, насихаттау мақсатында мектеп қабырғасына билборд және мектеп дәлізіне стенд жасалды.
Мектеп кітапханашысы Р.Оңалбаева «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша кітапханада бұрыш ұйымдастырылды. Мақаланы түсіндіру, насихаттау мақсатында мектеп директорының міндетін атқарушы Б. Меңілбеков мектеп ұжымымен жиналыс ұйымдастырып өткізді.
Мектеп бітіруші
түлектердің демеушілігімен «Жүз тал, жүз гүл» іс-шарасы ұйымдастырылып, мектеп
ауласына түрлі ағаштар және раушан гүлдер отырғызылды.
«Рухани жаңғыру-ел дамуының тетігі» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарының арасында мақаланы таныстыру мақсатында жиналыс ұйымдастырылды. Мектеп мұражайында тарих пәнінің мұғалімі А. Ыбыраева ашық есік күндерін өткізді.2-қыркүйек Білім күні «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында 1-11 сыныптарда сынып сағаттары ұйымдастырылып, өтті. Сонымен бірге, "Отбасы- бақыт мекені" тақырыбында «Отбасы-рухани жаңғыру негізі» ұранымен отбасы күніне арналған апталық мектепте ұйымдастырылып, өткізілді. «Туған жер» проектісі аясында сурет пәнінің мұғалімдері Л. Айтбаева, А. Орынбасарова 8-10 сынып оқушылары арасында сурет байқауын ұйымдастырды. Мектеп әкімшілігі әр сыныпты аралап, Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіріп, насихаттау жұмысын жүргізді.