«ЕНТ -2023» оқушыларға түсіндіру жұмыстары туралы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » «ЕНТ -2023» оқушыларға түсіндіру жұмыстары туралы
19
январь
2023

«ЕНТ -2023» оқушыларға түсіндіру жұмыстары туралы

«ЕНТ -2023» оқушыларға түсіндіру жұмыстары туралы
            2023 жылдың 19 қаңтар күні 11 сынып түлектеріне «ЕНТ -2023» оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп директоры биылғы ЕНТ-ге дайындық жұмысы сапалы түрде дайындықты қажет ететінін және өткен жылдар сараптамасымен салыстырылатынын түсіндірді. Мектеп бітіруші түлектердің биылғы тестілеу кезінде қандай өзгерістер, нендей жеңілдіктер болады дегенді асыға күтіп отырғаны анық.   ДОТІЖО Г.Тескенбаева түлектерді «ЕНТ -2023» ережелерімен таныстырып шықты. 
«Ұлттық бірыңғай тестілеу (ЕНТ) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны» (ҚР «Білім туралы» Заңы  1 б., 56 т.)                                                                                                                                       
ЕНТ "1 тестіленуші – 1 компьютер – 2 камера" қағидаты бойынша өткізіледі.
  • Түсушілер тестілеу орнын (аймақтық тестілеу орталығы - АТО), күнін 
    және уақытын   өз бетінше таңдай алады.
  • Бір  дұрыс  жауабы   бар  тест  тапсырмалары қолданылады.
  • Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары қолданылады. 
  • Тестілеу нәтижесі тестілеу аяқталған соң бірден беріледі.
  • Техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу барысында беріледі.
  • Апелляцияға мазмұны бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі.
  • Талапкерлердің білімін терең бағалау мақсатында «Қазақстан   тарихы» пәнінің бір слабовидящихнда  20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін - бір дұрыс жауапты таңдауға арналған  тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).                                                     2)    «Оқу сауаттылығы» бағытында 3 мәтін бойынша 15 тест тапсырмасы (15 балл) беріледі.
  • Сонымен қатар, бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында жауап   нұсқаларының саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) жауап нұсқаларының саны  8-ден 6-ға дейін азайтылды.                                           
  • ЕНТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Информатика» пәні енгізілді. ЕНТ жылына 4 мезгіл өткізіледі. Барлық ережелерге тоқталып, таныстырылды.