«ЕНТ -2025» оқушыларға түсіндіру жұмыстары туралы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » «ЕНТ -2025» оқушыларға түсіндіру жұмыстары туралы
09
октябрь
2025

«ЕНТ -2025» оқушыларға түсіндіру жұмыстары туралы

№6 жалпы орта білім беретін мектебі                                                  10 қазан 2025 ж.
«ЕНТ -2025» оқушыларға  түсіндіру жұмыстары туралы
            2025 жылдың 9 қазан күні 11 сынып оқушыларына  «ЕНТ -2026» түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп директоры   Б.Менилбеков биылғы ЕНТ-ге дайындық жұмысы сапалы түрде дайындықты қажет ететінін және өткен жылдар сараптамасымен салыстырылатынын түсіндірді. Мектеп бітіруші түлектердің биылғы тестілеу кезінде қандай өзгерістер, нендей жеңілдіктер болады дегенді асыға күтіп отырғаны анық.  ДОТІЖО Г.Тескенбаева оқушыларды  «ЕНТ -2025» ережелерімен таныстырып шықты. 2025 жылғы ЕНТ жаңалықтарын бөлісейік. Былтыр емтиханның форматындағы барлық өзгеріс жаңа оқу жылының басында жария етілді. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі. Жоғары білімді оңтайлы етудің маңызды қадамы – ЕНТ тапсырмаларын жетілдіру. Біз нәтижелерді қалыптастыру мен талдауда психометриялық тәсілдерді қолдана отырып, стандартталған форматқа көшеді. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес келеді. 2025 жылғы ЕНТ-да тест сұрақтарының саны өзгерді, сондай-ақ бейіндік пәндерге жаңаша тапсырмалар қосылып, тестілеу уақыты қысқарады. ЕНТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратын болады. Атап өтейін, бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады. Бұл өзгерістер – тест тапсырмаларының сапасын арттыру мен олардың функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын бағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкестігі бағытындағы жұмыстардың қисынды жалғасы», деп түсіндірді министр.ЕНТ тапсырмаларының саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды. Жоғарыда аталған өзгерістерге байланысты тестілеу уақыты қысқарады. Енді ЕНТ тапсыруға оқушыларға 3 сағат 30 минут (210 минут) бөлінеді. Бұрын 4 сағат (240 минут) берілген. Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.
ЕНТ-ға енгізілетін тағы бір жаңалық шығармашылық бағыттарды таңдаған талапкерлерге қатысты, енді олар «Қазақстан тарихы» мен «Оқу сауаттылығы» пәндерімен қатар «Математикалық сауаттылықты» міндетті пән ретінде тапсырады. «Математикалық сауаттылықтан» тест тапсырмалары талапкерлердің өмірде математикалық логика бойынша алған білімдерін, дағдыларын қолдана алуын тексеруге бағытталады.