28
февраль
2020
Өз денсаулығыңа зиян келтірме
2020 жылдың 24 ақпан күні мектепте 7 "Ә" сынып жетекшісі Балабекова Гульвира "Өз денсаулығыңа зиян келтірме" тақырыбында сынып сағатын өтті.Сабақтың мақсаты - оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға , жеке бас гигиенасын сақтауға және дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.Сабақ барысында Г.Балабекова Сара Назарбаеваның "Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты.Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі" деген сөзімен бастап,жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану,дұрыс тамақтанудың ережелері,дәрілік өсімдіктерді қолдану сияқты әр салаға тоқталды.Оқушылармен жұмыс барысында адам күніне неше рет тамақтану керек екенін,тағамға байланысты халқымыздың қандай мақал-мәтелдері бар екенін ұғындырып, сабағы өте қызықты өтті.