Әкем, шешем және мен
№6 жалпы білім беретін мектебінде 2018 жылдың 23ақпан күні «Әке, шешем және мен» тақырыбында өткізілген отбасылық эстафеталық жарыстың
Анықтамасы
Қатысқаны: 3-4 сынып оқушылары, ата-аналар.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мектебімізде ауған соғысының 29 жыл толуына орай 3-4 сынып оқушылары мен ата-аналар арасында «Әке, шешем және мен» тақырыбында дене шынықтыру пән мұғалімдері эстафеталық жарыс өткізді. Жарысқа 3 «А»,3 «Ә», 4«А»,4 «Ә» сыныбынан оқушылар ата – аналарымен қатысты. Жарыс басында ойынның ережесімен және кезеңдерімен таныстырып өтті. Олар: секіртпемен секіру, кедергілер арасынан допты алып жүру, қалтамен жүгіру, таяқшаны құлату, шатынба жинап алу сияқы ережелермен танысты. Әр топтар өздерінің командалық аттарымен, ұранымен таныстырды. Командалық жарыс болғандықтан әр топ өзінің командасына ұпай салуға ат салысты. Бұл жерде командалық ауызбіршілікті, достықты, отбасылық құндылықты көруге болады. Жығылғанға сүйеніш болып, бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін жарысты қызықты етіп өткізді. Жарыс соңында мектеп директоры Б.Меңілбеков ата-аналарға уақыттарын бөліп, отбасының намысы үшін келіп, спорттық жарыстарға қатысқандарына үлкен рахметін айтып, командалық топты мадақталармен марапаттады.