Оқушы денсаулығын нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында 1-11 сыныптарға берілген вариативті сағаттар туралы мәлімет » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушы денсаулығын нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында 1-11 сыныптарға берілген вариативті сағаттар туралы мәлімет
28
октябрь
2024

Оқушы денсаулығын нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында 1-11 сыныптарға берілген вариативті сағаттар туралы мәлімет

Оқушы денсаулығын  нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту  мақсатында 1-11 сыныптарға  берілген вариативті сағаттар туралы мәлімет
2024-2025 оқу жылында 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес төмендегі сағаттар берілді.Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, жалпы орта білім беретін ұйымдар анықтайтын оқу пәндері мен курстардың жиынтығы. Вариативтік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентіне енетін әрбір оқу курсы бойынша білім, шеберлік және дағды мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.
          Вариативті курстар – таңдау курстары оқу профилінің құрамына кіретін мектеп немесе оқушы компонентінен алынады. Вариативті курстар негізгі 3 функцияны атқарады: 1. бейінді курстың «құрылымы», мұнда қосымша берілген бейінді курс толықтай тереңдетілген болып саналады (ал ол оқитын мектеп /сынып/ жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын дәстүрлі мектепке айналады); 2. базалық курстардың біреуінің мазмұнын дамытады, оның оқытылуы минималды жалпы білім беретін деңгейде жүзеге асырылады, бұл дегеніміз сабақтас оқу пәндерін тереңдетілген түрде оқытуға немесе таңдалған пәндер бойынша қорытынды аттестацияны тапсыру үшін қосымша дайындық жүргізуге мүмкіндік береді; 
3. адам іскерлігінің әр түрлі бағыттары бойынша танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға көмектеседі.
Оқу жоспарында әрбір пәнге, курсқа міндетті уақыт көрсетілген, әрбір сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері ескерген .
Жұмыстық оқу жоспарында оқушы денсаулығын нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында 1-11 сыныптарға мына сағаттар енгізілді :
1 сыныптарына - «Қызықты математика» 1 сағат.

  2 сыныптарына -      «Логикалық математика» курсы 1 сағат, «Тіл дамыту және сөйлеу мәдениеті» курсы 1 сағат;  
3 сыныптарда -   «Логикалық математика » курсы 1 сағат;
4  сыныптарына -  «Логикалық математика»  курсы  1 сағат 
5 сынып  - 8 сыныпқа «Жаһандық құзыреттілік» курсы 0,5 сағат.
  9 сыныпқа –«Жаһандық құзыреттілік» курсы 1 сағат;.
10 «А»  сыныбына  : «Қазіргі әлемдегі қоғам және саяси ағымдар» курсы 1 сағат, «Киелі қасиетті жерлер географиясы» курсы 1 сағат;  
10 «Ә»  сыныбына  : «Жаһандық құзыреттілік» курсы 1 сағат  , «Қазіргі әлемдегі қоғам және саяси ағымдар» курсы 1 сағат, «Eltanu» курсы 1 сағат; 
    11  «А» сыныбына: «Жаһандық құзыреттілік» курсы 1 сағат  курсы, элективті және таңдау курстар бойынша  «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер» курсы 1 сағат, «Химиялық талдау негіздері» курсы 1 сағат, «Туризм географиясы» курсы 1 сағат, «Биофизика» курсы 1 сағат,  «Жасанды интелект және оның түрлері» курсы 1 сағат;.
11  «Ә» сыныбына: «Жаһандық құзыреттілік» курсы 1 сағат  курсы, элективті және таңдау курстар бойынша  «Тарихи тұлғалар»  курсы 1 сағат, «Эссе жазу әдістемесі мен теориясы» курсы 1 сағат, «Шерхантану» курсы 1 сағат, «Құқықтық сауаттылық» курсы 1 сағат .