01
август
2023
"Мектепке жол" акциясы
№6 жалпы орта білім беретін мектебінде «Мектепке жол » республикалық қайырымдылық акциясының басталғанын хабарлаймыз. Акция 1тамыз бен -30 қыркүйек аралығында "Жақсылық жаса" ұранымен өткізіледі.
Акция мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
"Мектепке жол" акциясының маңыздылығын ескере отырып ,баршаңызды белсенді қатысушы болуға шақырамыз!
