Ұлдар жиналысы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлдар жиналысы
06
сентябрь
2023

Ұлдар жиналысы

Ұлдар жиналысы
      2023 жылдың 6 қыркүйек күні мектепішілік ұлдар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры Менилбеков Б.С.,Директордың тәрбие ісі жөніндегі және құқық жөніндегі орынбасары 
Балабекова Ж.С. сынып жетекшілер,  Кеңес  ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Төрехан Жалғас Бақытұлы қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Б.С.Менилбеков   Мектептің iшкi тәртіп ережелерімен таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысы, қарым-қатынас мәдениеті, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балабекова  Ж.С. Мектеп формасына қойылатын талаптар,  дене шынықтыру пәніне арнайы киiммен қатысу сынды мәселелерді талқылап, айтып өтті. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі Кеңес  ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Төрехан Жалғас Бақытұлы Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Мектеп инспекторы және тәрбие бөлiмi 1 тоқсанға арналған жұмыс жоспарын жасақтап, бекітті. Жоспарға сай құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бiрлескен кездесулер, түнгі уақыттағы рейд шараларын өткiзiп отыру арқылы құқықбұзушылықтардың алдын алу мүмкіндігі артады деген ойдамыз. Ұлдар жиналысына 9-11 сыныптар бойынша барлық ұл балалар қамтылды. түнгі уақытта көшеде жүруге болмайтындығы жайында айтып түсіндіру жұмысын жүргізді. Жүрген уақытта ата-аналарының жазаға тартылатындығын айтып 

түсіндірді.