"Кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу" » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу"
12
сентябрь
2023

"Кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу"

Бала қауіпсіздігі - басты назарда". Меркі ауданының білім бөлімінің және аудандық полиция бөлімінің бірлескен жоспарына сәйкес 2023 жылдың 12 қыркүйек күні N6 жалпы орта білім беретін мектептерінде "Кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу" мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Меркі ауданының білім бөлімінің әдіскері С.Метеркулова
АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Копбаев Алмаз Садықбаевич
АПБ КПБ бастығы полиция майоры Оспанов Рахат Сержанұлы
КПБ полиция капитаны Бигазиев Бекжан Болатұлы
ЖПҚб УПИ полиция лейтенанты Төрехан Жалғас Бақытұлы
ЖПҚб ЮПТ полиция майоры Дауренбеков Бектас қатысты.
Жиналыс барысында ата – аналарға аудандағы болып жатқан әртүрлі келеңсіз жағдайларды айта отырып, толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға Заң талаптарының орындалуын, оқушылар дың құқықтары мен міндеттерін сондай-ақ, оларға күтім жасау және күтіп бағу жөніндегі міндеттерінің орындауларын, ол орындалмаған жағдайда он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын жеткізді. Ата-аналарға жаднамалар таратылды. Кәмелетке толмағандардың түңгі уақытта заңды өкілімен, ата – аналарынсыз жүруіне сағат 22:00 ден таңғы 06:00 дейін ойын – сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде жүрмеулерін, кешке кафе, ойын сауық орталықтарында балаларының жұмыс жасамауын айтты. Оқушылардың сабақтан себепсіз қалуы, яғни ол 10 күннен артық қалған жағдайда айыппұл төленетінін ескертті. Сонымен қатар, кибербуллинг-бопсалау, оқушылардың ұялы телефонды дұрыс пайдалану. Мектепке гидроскутер, мопед т.б. электронды көліктермен келмеулерін, кәмелетке толмаған балаларға рұқсат жоқ екенін және оған хаттама толтырылып, айыппұл салынатынын ескертті. Мұғалімдерге дөрекі сөздер айтып, балағаттаса да әкімшілік айыппұл салынатынын жеткізді.