«Жасөспірімдерге көрсетілетін зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын –алу»
2023 жылдың қараша айының 9 күні «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында «Жасөспірімдерге көрсетілетін зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын –алу» тақырыбында 7-11 сынып білім алушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция капитаны мектеп инспекторы Дауренбеков Б. қатысты. Білім алушыларға мектептегі және мектептен тыс жерде психологиялық және физикалық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша және көмек қажет болған жағдайда қандай көмек алуға болатындығы жайлы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғанда, оның өміріне және денсаулығына қауіп төнсе, зорлық-зомбылық немесе қатыгездік жасалған жағдайда «111» жедел қызметіне балалардың құқығы бұзылған кез келген жағдаймен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша жүгіне алатындықтары туралы айтылды.
