30
ноябрь
2022
"Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер"
№6 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 25-қараша мен 16-желтоқсан аралығында "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн " тақырыбында ақпараттық науқаны іс-шара жоспары құрылып,өз кезегінде атқарылуда.Мақсаты:Балаларды қатыгездікпен және немқұрайлықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып,жасына, дамуына ,әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. 2022 жылдың 30 қараша күні науқан аясында ата-аналар арасында "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.