«Қазақ күресі» үйірмесінің «Жаттығу кезінде сақтануға үйрену» тақырыбында кезекті сабағы өткізілді. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақ күресі» үйірмесінің «Жаттығу кезінде сақтануға үйрену» тақырыбында кезекті сабағы өткізілді.
11
декабрь
2023

«Қазақ күресі» үйірмесінің «Жаттығу кезінде сақтануға үйрену» тақырыбында кезекті сабағы өткізілді.

2023 жылдың 11 желтоқсан күні «Қазақ күресі» үйірмесінің  «Жаттығу кезінде сақтануға үйрену» тақырыбында кезекті сабағы өткізілді. Сабақты үйірме жетекшісі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Халықов Талғат өткізді. «Қазақ күресі» үйірмесіне 30 оқушы  3-10 сыныптар аралығында қатысады. Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнеріЖаттығу жұмыстары бойынша  («Самбо»). Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін-де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.Жаттығу тапсырмалары орындалып, сабақ өз деңгейінде өткізілді. Бұл уйірме мүшелерінің жеңісі аудан, облыс, республика көлемінде көрініп, жеңіс тұғырынан көрінуде. Биік асуларды бағындырған палуандарымыз да көп.