11
сентябрь
2023
Мектепте «Қазақ күресі» үйірмесі жұмыс жүргізеді.
Мектепте «Қазақ күресі» үйірмесі жұмыс жүргізеді. Үйірменің мақсаты- ұлттық күрес әдістеріне оқушыларды баулу, ұлттық ойындарға сүйіспеншіліктерін арттыру және күрес техникаларын меңгерту. Үйірмеге 3-10 сынып оқушыларынан 30 оқушы қатысады. Үйірменің жас ұрпаққа берер пайдасы мол. Үйірмені дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Халықов Талғат жүргізеді. «Қазақ күресі» үйірмесі оқушыларды төзімділікке, табандылыққа, ерік- жігердіңжоғарлауына, қайсарлылық пен қайраттылыққа тәрбиелейді. Спорттың бұл түрі – қай халықта да бар деуге болады. Олардың бәрі де бүл спорттың түрін жан-тәнімен сүйіп ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, оны байытып жаңғырта келіп, бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Үйірме мүшелері үнемі аудандық, облыстық, ликалық көлемде жарыс тұғырынан көрініп жүр. 





