Кезекті директор жанындағы кеңес отырысы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кезекті директор жанындағы кеңес отырысы
31
март
2023

Кезекті директор жанындағы кеңес отырысы

Кезекті директор жанындағы кеңес отырысы
Мектепте  2023 жылдың 31 наурыз күні кезекті директор жанындағы кеңес өткізілді. Кеңеске  мектеп әкімшілік мүшелері мен  пән бірлестік жетекшілері қатысты. Мектеп директоры Б.Менилбеков күн тәртібіндегі мәселе бойынша  таныстырып өтті. Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер:
1.Үйде оқытылатын және оқытылу жағдайы; 
2.Ауланы көгалдандыру және көгеріштендіру жұмыстары;
3.4, 9,11 сынып оқушыларынан әкімшілік сынақ  тест жұмыстарының қорытындысы;
4.Қорытынды аттаестаттау бойынша жүргізілген жұмыстар;
5.Оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыру;
6.      Мектепе бітірушілердің білім сапасын арттырудағы атқарылған жұмыстар (қоғамдық гум.бағыты б/ша).
  Бірінші мәселе бойынша ДҒӘІЖО Л.Спанқұлова сөз алып, үйде оқытылатын және инклюзивті оқушылардың оқытылу жағдайы туралы мәлімет беріп шықты. Үйде оқыту бойынша мектепте екі  оқушы,  инклюзивті оқушылар екеу. Құжаттары талапқа сай рәсімделген. Пән мұғалімдері  дер кезінде сабақтарын  талапқа сай өткізуде.Ешқандай құқық бұзушылық орын алған жоқ.                                                                                                           Екінші мәселе бойынша ДТІЖО Ж.Балабекова сөз алып,  ауланы көгалдандыру және көгеріштендіру жұмыстарының жоспарымен таныстырып өтті. Мектеп ауласына егіліп, күтіп бапталатын гүлдер туралы, сәндік ағаштар туралы мәлімет берді.                                                                                                                                                          Үшінші мәселе бойынша ДОІЖО Г:Тескенбаева сөз алып, пән мұғалімдері 9,11 сынып оқушыларын дайындау мақсатында іс-шаралар жоспарын жасап, сол жоспар бойынша жұмыс жүргізеді. Тақырыптар бойынша тест жұмыстарын алып, оқушылардың білім-білік деңгейлеріне қарай қатемен жұмыстар жүргізіліп,   мониторингтері шығарылады.  9,11 сынып оқушылары әр пән бойынша тест жұмыстарында қатар тапсырып отырады. Ай сайын ата-аналар жиналысы өткізіліп, балаларының тақырыптарды меңгеру деңгейі, тест нәтижелері таныстырылып тұрады деп , наурыздың 14-і күні тапсырған тест нәтижесіне тоқталып өтті.                                                                                                                              Төртінші мәселе бойынша ДОІЖО Г:Тескенбаева қорытынды аттаестаттау бойынша жүргізілген жұмыстарға тоқталды. 9,11 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері  оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау мақсатында жоспар құрып, қосымша сабақтар өткізіп тұрады. Тест жұмыстарын алып, қатемен жұмыстар жүргізіліп, нәтижесі шығарылады. Осы оқу жылы 9 «А» сыныбының таңдау пәні – физика пәні мұғалімі Байтүгелова Л. 9 «Ә» сыныбының таңдау пәні Дәлібаева М. 11 сынып оқушылары 2 пәнді таңдап отыр: география пәнін 10 оқушы мұғалімі Құрамаева Г. биология пәнін 11 оқушы мұғалімі Нусипова А.Жыл басынан дәлізге қорытынды аттестаттау бойынша түсіндіру жұмысы, ережелер ілінген деп тоқталды.                                                                                      Бесінші мәселе бойынша ДТІЖО Ж:Балабекова сөз алып, оқушылардың көктемгі демалысының өтілуі туралы мәлімет беріп өтті.                                                                                                  Алтыншы мәселе бойынша ДОІЖО Г:Тескенбаева мектеп бітірушілердің білім сапасын арттырудағы атқарылған жұмыстарды таныстырып, олардың білім сапасы туралы  мәлімдеме жасады.