Мектепте кезекті педагогикалық кеңес өткізілді » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепте кезекті педагогикалық кеңес өткізілді
24
март
2023

Мектепте кезекті педагогикалық кеңес өткізілді

2023 жылдың 24 наурыз күні  мектепте кезекті   педагогикалық  кеңес өткізілді. педагогикалық кеңеске 52 мұғалім қатысты. Педагогикалық кеңесте мектеп директоры Б.С.Менилбеков сөз алып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер:
  1. ІІІ тоқсандағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы.
  2. Математика, информатика пәндері бойынша бағдарламаның орындалу жағдайы 
  3. Үйде оқытылатын және инклюзивті оқушылардың оқытылу жағдайы
  4. 9,11 сынып оқушыларының қорытынды  аттестаттау тапсыратын  пәндерінің жүргізілу деңгейі
  5. Психологиялық кеңес беру айлығының қорытындысы
  6. Мектепте терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы жұмыстардың қорытындысы
  7. «Үздік» аттестатқа үміткер 9,11 сынып оқушыларын ұсыну
  8. 2021-2022 оқу жылында тапсырған ББЖМ қорытындысы
Педагогикалық кеңес жоспар ережесіне сай өткізілді. Педагогикалық кеңестің негізгі мақсаты – мектеп ұстаздарының қызметін жетілдіру және білім сапасын арттыру. ІІІ оқу тоқсанын жалпы саны 436 оқушы аяқтап, 1-4 сыныпта – 149оқушы,5-9 сыныпта – 247оқушы, 10-11 сыныпта – 40 оқушы аяқтады. Оқушылардың білімдері зерделене келе мектепте төмендегідей нәтиже берді.
1-4 сыныпта 1 сыныпты қоспағанда 37 оқу озаты, 42 оқу екпіндісі, сапа 68,6 %, ІІ тоқсанмен салыстырғанда 1,8% өсу ауқымы бар.
 5-9 сыныпта 57 оқу озаты, 97 оқу екпіндісі, сапа 62,3%, ІІ тоқсанмен салыстырғанда 0,2% өсу ауқымы бар.
10-11 сыныпта 1 оқу озаты,  23 оқу екпіндісі, сапа 60%, ІІ тоқсанмен салыстырғанда  5% кему ауқымы бар.
Мектепте барлық пәндер бойынша аттестатталмай қалған оқушы болған жоқ.Мектеп бойынша 95 оқу озаты, 162 оқу екпіндісі, білім сапасы – 63,9%. ІІ тоқсанмен салыстырғанда 0,6% өсу ауқымы бар. Күн тәртібінің 6 мәселесі толық қаралып, қаулысы шығарылды.