Мектепте кезекті директор жанындағы кеңес өткізілді. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепте кезекті директор жанындағы кеңес өткізілді.
28
февраль
2023

Мектепте кезекті директор жанындағы кеңес өткізілді.

2023 жылдың 28 ақпан күні мектепте кезекті директор жанындағы кеңес өткізілді. Кеңеске мектептің әкімшілік мүшелері мен пән бірлестік жетекшілері қатысты. Күн тәртібінде келесі мәселелер  қаралды:
  1. «Алтын белгі» , үздік аттестатқа үміткер оқушылардың құжаттарын зерделеу қорытындысы
  2. 4, 9,11 сынып оқушыларынан әкімшілік сынақ   тест жұмыстарының қорытындысы
  3. Адамгершілік – рухани және жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқық бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстары
  4. Мектеп бітірушілердің білім сапасын арттырудағы атқарылған жұмыстар 
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Б.С. Менилбеков сөз алып, таныстырып өтті. Жауапты мұғалімдер мәселелер бойынша толық таныстыра отырып, талдау жүргізілді. 
Бірінші мәселе бойынша ДОТІЖО Г.Тескенбаева  баяндап  өтті. 2022-2023 оқу жылында  ІІІ тоқсан есебі бойынша   11 сыныпта барлығы 21 оқушы. үздік аттестатқа үміткен 1 оқушы, яғни Қуаныш Аида Ерзатқызы үміткер. Қуаныш Аида Ерзатқызы 10-11 сынып аралығында ағымдағы, тоқсандық, қорытынды сабақ үлгерімі журналы бойынша тексерілді.Актіленіп, комиссия мүшелері қол қойды.Құжаттары жинақталынып, аудан білім бөліміне тапсырылды. ІІІ тоқсанды 48 оқушы аяқтап отыр. 9 сыныптан  «Үздік»  аттестатқа  8 оқушы үміткер.Олар: Каден Аружан Шарханқызы,Жаныбек Нұрдәулет  Жаныбекұлы, Шопах Нұрзада Талғатқызы, Ералиева Анеля Бактияровна, Жексембі Абуқасым Гафарұлы, Бейбітқызы Ұлдана, Азимхан Нұрсезім Советқызы . Сабақтарына қатысып, олардың білім-білік қабілеттерін сараланды, нәтижесі жақсы. Аталған оқушылардың оқу үлгерімі бойынша 5-8 сыныптардағы сабақ үлгерімі мен барлық пәндер бойынша тоқсандық, жылдық, қорытынды бағалары   «5» деген бағамен қорытындыланған. «Өте жақсы» оқыған және үлгілі тәртібі үшін Мақтау қағаздарымен марапатталған. Мақтау қағаздары педагогикалық кеңестер шешімі бойынша берілген және есепке алу журналдарында тіркелінген деп мәлімдеме жасады.
Екінші мәселе бойынша 4, 9,11 сынып оқушыларынан әкімшілік сынақ  тест жұмыстарының қорытындысы талданып, төмен сапа көрсеткен оқушылардың жұмысы талданды.
Үшінші мәселе бойынша ДТІЖО Ж.Балабекова сөз алып, адамгершілік – рухани және жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқық бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстары туралы мәлімет беріп, таныстырып өтті.
Төртінші мәселе бойынша ДОТІЖО Г.Тескенбаева  мектеп бітірушілердің білім сапасын арттырудағы атқарылған жұмыстарына тоқталып, кемшіліктері мен  жетістіктері туралы тоқталды. Күн тәртібінің 4 мәселесі толық қаралып, қаулысы шығарылды.