14
декабрь
2023
«ББЖМ тапсыруда компьютерді пайдалану технологиясы» тақырыбында 9 сынып оқушыларына түсіндіру сабағы өткізілді.
2023 жылдың 14 қараша күні «Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» атты онкүндіктің жоспарына сай «ББЖМ тапсыруда компьютерді пайдалану технологиясы» тақырыбында 9 сынып оқушыларына түсіндіру сабағы өткізілді. Сабақты информатика пәнінің мұғалімі Балабекова Гульвира өткізіп, толық мәлімет беріп шықты. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген. ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізіледі. ББЖМ тапсыру кезінде АКТ қолдану ережелері басшылыққа алыну керек.Компьютерді пайдаланып, ББЖМ тапсырмаларын орындау тәртібі бойынша слайдпен таныстырылды.
