15
декабрь
2023
16 желтоқсан «Тәуелсіздік күніне» орай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиынының
№6 жалпы орта білім беретін мектебі 2023-2024 оқу жылы
16 желтоқсан «Тәуелсіздік күніне» орай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиынының
Хабарламасы
Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу «Жас Ұлан» ұйымының басты мақсаты болып табылады. Осы мақсаттың орындалуының бастапқы баспалдағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына өту болып табылады.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, №6 жалпы орта білім беретін мектебінде , 15 желтоқсан күні «Ұланымыз Ұлы Елдің!» атты «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды салтанатты түрде қабылдау өткізілді.
Салтанатты жиынды мектеп тәлімгері Кожайбаева Дамира Болатқызының ұйымдастыруымен сағат 12.00-де мектеп АКТ залында ҚРМемлекеттік Гимні айтылуымен ашылды.
Қабылдау жиыны барысында «Жас Ұландар» мен «Жас Қырандар» өз дайындықтары туралы рапорт беріп, топ аты мен ұранын айтты. «Жас Ұлан» ұйымының Гимні орындалды.
Бұл шараға өз өтініштерімен барлығы 75 оқушы қабылданды. Оның ішінде 2 сыныптарынан «Жас Қыранға» 32 оқушы, 5 сыныптан 43 оқушы «Жас Ұландар» қатарына қабылданып, салтанатты түрде уәде айтылып, ұйым галстуктері тағылды.
Мереке қарсаңында өткізілген жиынға мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілерімен қатар мектеп «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері жауапкершілікпен қатысты.Мектеп әкімшілігі «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға сәттілік тілей отырып, Тәуелсіз Қазақстан елінің беделді азаматтары болуға, болашақта еліміздің еңсесін биік көтеріп, даңқын асқақтауға өз үлестерін қосуға, Отанымызды қадірлеп,тілімізді қастерлеп, үлкен биіктерден көріне берулеріне сенім артатындарын жеткізіді.