ББЖМ өткізу бойынша нормативтік-құқықтық базасымен таныстыру » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ББЖМ өткізу бойынша нормативтік-құқықтық базасымен таныстыру
17
январь
2024

ББЖМ өткізу бойынша нормативтік-құқықтық базасымен таныстыру

ББЖМ өткізу бойынша нормативтік-құқықтық базасымен таныстыру
 2024 жылдың 16 қаңтар күні 9 сынып білім алушыларын ББЖМ өткізу бойынша нормативтік-құқықтық базасымен таныстырылды. ДОТІЖО Г.Тескенбаева сөз алып, қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін жүргізу жаңа өзгерістерді қажет етеді. ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізіледі. 9-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы: Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі), әр тіл бойынша 10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы; Математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы; Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география), әр пән бойынша 2 контекст негізінде 8 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасы. Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған. Тестті орындау уақыты – 150 минут (2 сағат 30 минут). Максималды балл – 75. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз білім сапасының жүйелі қадағалауы болып табылады. Мониторинг электронды форматта орта білім беру ұйымдарының базасында 4 және 9-сыныптарда оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын кешенді тестілеу форматында жүзеге асырылады. ББЖМ мемлекеттік бақылау нысаны болып табылмайды және білім алушылар үшін де, білім беру ұйымдары үшін де ешқандай құқықтық салдары болмайды. Мониторингтің басты ерекшелігі оның білім беру саласындағы ұлттық мақсаттар мен стратегиялық міндеттерге қол жеткізу контекстінде оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы туралы тұтас түсінік алуға бағытталуы болып табылады деп айтып өтті.