18
январь
2024
4-сыныптарға психологиялық-педагогикалық кеңестер беру.

2024 жылдың 18 қаңтар күні мектепте «Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» атты айлық жоспары бойынша 4 сынып оқушыларына «Мен және менің ортам» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингті мектеп психологы Т.Жанұзақова өткізді. Тренингтің мақсаты: балалардың қоғамға рухани қарым-қатынасын қалыптастыру, ойлауға, өмірді бағалауға үйрету, бір-біріне сенімділігін арттыру, қарым-қатынастарын нығайту. Тренинг -білім дағдыларды, әлеуметтік қызметтерді белсенді дамытуға бағытталған оқыту әдісі болып табылады. Мұғалім үшін оқушының қызығушылығы, бейімі, қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы керек. Осындай ерекшеліктерді ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады. Тренингтер әрбір оқушының өзінің жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін білуге, өзін өзі тануға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі белсендіруге көмектесіп, өзін ұжымда, көпшілік ортасында ұстауға, бір бірін тыңдауға, көпшілік алдына шығып сөйлеуге, өз ойын дәлелдеп айтуға, басқалардың ойларымен санасуға үйретеді. Өз бетінше ізденуге жол ашады.