5 сынып оқушыларының бейімделуі » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 сынып оқушыларының бейімделуі
27
октябрь
2023

5 сынып оқушыларының бейімделуі

   2023-2024 оқу жылында мектепте  екі 5-ші   сынып  оқиды.  Осы оқушылардан психологтың мектепке оқушылардың бейімделуін анықтау мақсатында құрылған жоспар бойынша 43 оқушыдан қыркүйек айының 25-29 аралығында әлеуметтік   жағдаяттық мазасыздық шкаласы негізінде жасалған мектеп жағдаяттарын өзін- өзі бағалау (О. Кондаш) әдістемесі алынып, диагностикалық жұмыстар жүргізілді.  Әр оқушының мектепке және сыныпқа бейімделуі анықталды және қорытындысы бойынша кейбір оқушылардың ата – аналары балаларының сыныпқа және түрлі пәндер бойынша пән мұғалімдеріне бейімделуіне байланысты мәліметтермен таныстырылып, ұсыныстар берілді. Оқушылардың пән мұғалімдеріне орта буынға бейімделуі анықталып, мектеп психологтары және әлеуметтік педагогтың қатысуымен өңделіп, нәтижесі шығарылды. Ата аналар жиналысында осы мәліметтер туралы хабардар екендігі айтылды. Жоғарыда айтылған сыныптардың сынып жетекшілеріне және пән мұғалімдеріне де сыныптағы кейбір оқушылардың сыныпқа бейімделулерінде ауытқушылықтары бар екендігі айтылып, жеке кеңестер берілді және ұсыныс жасалды. Қазан айының 30-ы күні 43 білім алушылардан  дұрыс қарым – қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Менің жаңа әлемім» тақырыбында  тренингі ұйымдастырылып жүргізілді. Нәтижесінде оқушылар ортаға және сыныпқа бейімделуі туралы көптеген кеңестер беріліп, оқушыларда жағымды психологиялық жағдай қалыптасты.


Осы анықтама негізінде шешім: 

2023-2024 оқу жылында 5-ші  сынып бейімделуі қанағаттанарлық және оқушылармен,  пән мұғалімдерімен  бейімді қарым- қатынас орнату үшін, бірлескен жұмыстар жүргізу ұсынылсын.