24
апрель
2023
Қорытынды аттестаттауға дайындық мақсатында мектепте атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
№6 жалпы орта білім беретін мектебі 25.04.2023 жыл
Қорытынды аттестаттауға дайындық мақсатында мектепте
атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2022-2023 оқу жылында мектепте қорытынды аттестаттауға дайындық мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды:
Қорытынды аттестаттауға дайындық мақсатында мектепте
атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2022-2023 оқу жылында мектепте қорытынды аттестаттауға дайындық мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды:
- Қорытынды аттестаттауға дайындық мақсатында жоспар қаралып, талданып, бекітілді;
- Пән мұғалімдері №159 бұйрықпен жауапты болып 9,11 сыныптарға бұйрықпен бекітілді;
- 9,11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау мақсатында қосымша сабақ кестесі бекітілді;
- Қорытынды аттестаттауды өткізудің ережелері ата-аналарға, оқушыларға, мұғалімдерге түсіндіру мақсатында жиналыстар өткізілді;
- Ай сайын әкімшілік тест жұмыстары алынып, ДЖК талдау жүргізіліп отырды;
- Дәліздерге қорытынды аттестаттаудың ережелері, түсіндірмелері ілінді,
- Пән мұғалімдері жоспарлары бойынша оқушылардан сынақ тест жұмыстарын алып, тақырыптарды меңгеруі бойынша мониторингісін жасап отырды, қатемен жұмыс жүргізілді;
- Қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша комисссия құрамы бекітіліп, іс-шара жоспары жасалынды,
- Комиссия мүшелерінің отырыстары №1-№3 өткізілді, түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
- Психологтар қыркүйек айында «Сенің кәсіби ой-ниетің» тақырыбында сауалнама алды;
- «Мен және менің мамандығым» тақырыбында тренинг қыркүйек айында өтті;
- Кәсіби бағдарға бағыттылығын анықтау тесті алынып, қазан айында қызығушылық картасы жасалынды;
- «Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті» тақырыбында қараша айында әр түрлімамандық иелерін шақырып, кездесу өткізілді;
- Оқушылардың өз білімін жетілдірудің тиімді жолдары туралы желтоқсан айында ата-аналарға кеңестер беріліп, жадынама таратылды;
- Оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындаудың педагогикалық-психологиялық жолдары туралы қаңтар айында пән мұғалімдеріне, оқушыларға кеңес берілді;
- «Мазасыздық, деңгейін анықтау» тест ақпан айында алынып, нәтижесі зерделенді;
- «Тұлғаның өзіне сенімділігін арттыру» тақырыбында наурыз айында оқушылармен тренинг өткізілді;
- «Біз үрейден құтыла аламызба?» тақырыбында сәуір айында оқушылармен тренинг өткізіледі;
- «Біз стресті жеңеміз!» тақырыбында мамыр айында өткізіледі;
- «Қорытынды аттестаттауға біздің дайындығымыз » тақырыбында мұғалімдермен, оқушылармен мамыр айында жиналыс өткізіледі;
- 2022-2023 оқу жылында қорытынды аттестаттауды өткізудің бұйрықтарымен мамыр айында ата-аналарды таныстыру бойынша жиналыс өткізіледі.