«Даналық мектебі» клубының «Әжем үйреткен...» шеберлік сағаты
«Даналық мектебі» клубының «Әжем үйреткен...» шеберлік сағаты
Жанұядағы әже мен немере арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру. Баланы кішіпейідікке, қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану мақсатында өтті ағымдағы жылдың 20 қазан күні №6 жалпы орта білім беретін мектебінде «Даналық мектебі» клубының жоспарына сәйкес «Әжем үйреткен...» тақырыбында ата-аналар мен білім алушылар арасында шеберлік сағаты өтті. Ақ жаулықты әжелеріміз бұл шараға ерекше дайындықпен келді. Әжелер шеберлік сағатында (тамақ әзірлеу, тігін тігу мен тоқыма, құрақ құрау т.б.) ортаға салып, немерелеріне арнаған «Әжемнің алақанынан...» атты көріністе қазақтың кең, мол дастарханын, қонақжайлылығын, үлкенге құрмет, кішіге ізет ететін керемет тәрбиесін көрсетті. Ал, өнерлі немерелері барша қатысушыларға ән мен биден шашу сыйлады. «Әжелер мектебі» жобасы аясында «Әжем және мен» атты мерекелік іс - шара өтті. Немерелері әжелеріне өз өнерлерін танытып, бірлесіп сурет салып уақытты көңілді өткізді. Әжелері немерелеріне сүйсіне жылы сөздерін айтып, батасын берді. Жауапты мұғалім: Шыныкова А.#центрпедагогическойподдержки
#атааналардыпедагогикалыққолдауорталығы #цппр
#біртұтастәрбие


