«Тоғызқұмалақ ережесі бойынша ойын» тақырыбында өткізілген үйірме сабағы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тоғызқұмалақ ережесі бойынша ойын» тақырыбында өткізілген үйірме сабағы
22
октябрь
2025

«Тоғызқұмалақ ережесі бойынша ойын» тақырыбында өткізілген үйірме сабағы

«Тоғызқұмалақ ережесі бойынша ойын» тақырыбында 

өткізілген үйірме сабағы

          2025 жылдың 22 қазан күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әрі «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің жетекшісі Тайжанов С. оқушыларға арналған «Тоғызқұмалақ ережесі бойынша ойын» тақырыбында көрнекі сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – ұлттық зерделілік ойыны болып саналатын тоғызқұмалақтың негізгі ережелерін меңгерту, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, ойын барысында жылдам шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру, сондай-ақ қазақтың ұлттық мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу болды.  Көрнекі сабақ барысында ұстаз ойынның шығу тарихын, тақта құрылымын, отаулар мен қазан ұғымдарын, тас тарату ережелерін және ұпай жинау тәсілдерін жан-жақты түсіндірді. Оқушыларға практикалық түрде ойынды өзара ойнап көруге мүмкіндік беріліп, әр партиядан кейін талдау жүргізілді. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігі жоғары болып, олар жаңа ақпаратты қызығушылықпен қабылдады, стратегиялық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындауда ерекше ынта көрсетті. Тайжанов Сейіт сабақты көрнекілік құралдарымен, мысалдармен, ойындық әдіс-тәсілдермен ұйымдастырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тиімді әдістемелік тәсілдер қолданды. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті, белгіленген мақсаттар толық орындалды.

Сабақ соңында белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, ынталандыру қағаздары мен сыйлықтар табысталды. Бұл іс-шара оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, есептеу дағдыларын дамытуға зор ықпал етті.

Өткізілген көрнекі сабақ тиімді ұйымдастырылып, әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен оқушылардың белсенді қатысуы нәтижесінде сабақ мақсаты толық жүзеге асырылды.