ІІ тоқсан қорытындысы бойынша мектептің білім сапасы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ІІ тоқсан қорытындысы бойынша мектептің білім сапасы
29
декабрь
2025

ІІ тоқсан қорытындысы бойынша мектептің білім сапасы

ІІ тоқсан қорытындысы бойынша мектептің білім сапасы

        2025–2026 оқу жылының ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша мектептегі білім сапасына талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде оқушылардың үлгерімі мен білім сапасының тұрақты деңгейде екендігі анықталды.

ІІ тоқсанда мектеп бойынша барлығы 398 оқушы білім алды. Жалпы білім сапасы – 70,64% көрсеткішті құрады.

Сыныптар бойынша білім сапасының көрсеткіштері төмендегідей:

Бастауыш және негізгі буында 2–4 сыныптарда білім сапасы 66,6%–72,2% аралығында қалыптасты. Атап айтқанда, 2а, 3ә, 4ә сыныптарында білім сапасының орташа және тұрақты деңгейі байқалды. 4а және 5ә сыныптарында білім сапасының төмендеу себептерін анықтау мақсатында пән мұғалімдеріне түзету жұмыстары тапсырылды.

5–7 сыныптарда білім сапасы 66,6%–72,7% аралығында. 7ә және 5а сыныптарында екпінді оқушылардың үлесінің жоғары болуы оң нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, жекелеген сыныптарда үлгерімі төмен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізу қажеттілігі анықталды.

8–9 сыныптарда білім сапасы 66,6%–76,1% деңгейінде. 9а сыныбында білім сапасының жоғары көрсеткіші байқалып, оқушылардың оқу мотивациясының артқаны анықталды. 9ә және 8б сыныптарында білім сапасын арттыру мақсатында қосымша сабақтар мен жеке қолдау жұмыстарын күшейту ұсынылды.

Жоғары буында 10–11 сыныптарда білім сапасы 64,7%–76,1% аралығында болды. 10а және 11а сыныптарында жоғары нәтижелер көрсетілсе, 11ә сыныбында білім сапасын көтеру бағытында жүйелі дайындық жұмыстарын күшейту қажеттілігі белгіленді.

Жалпы алғанда, ІІ тоқсан қорытындысы бойынша мектептегі білім сапасы қанағаттанарлық деңгейде. Алдағы тоқсанда білім сапасын арттыру мақсатында үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу, қосымша сабақтар ұйымдастыру және пән мұғалімдерінің әдістемелік қолдауын күшейту жоспарлануда.