11
ноябрь
2025
Мектепте 11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мектепте 11 сынып оқушыларының ата-аналар
жиналысы өткізілді.
2025 жылғы 11 қараша күні №6 жалпы орта білім беретін мектепте 11-сынып оқушыларының ата-аналарымен «Оқушылардың білім сапасы мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа барлығы 21 ата-ана қатысты. Іс-шараның мақсаты – 11-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін саралап, білім сапасын арттыру жолдарын талқылау және ҰБТ-ға дайындықтың қазіргі деңгейімен ата-аналарды таныстыру болды. Жиналысты мектеп директоры Б. Менилбеков ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті. Ол өз сөзінде мектеп бітірушілердің оқу үлгерімін, 1-тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасының көрсеткіштерін атап өтіп, алдағы уақытта ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығына тоқталды. Келесі сөзді директордың оқу жөніндегі орынбасары Г. Тескенбаева алып, ата-аналарды сынақ тестілерінің қорытынды нәтижелерімен және оқушылардың жеке пәндер бойынша жетістіктерімен таныстырды. Сондай-ақ, пән мұғалімдерінің қатысуымен оқушылардың біліміндегі кемшіліктер мен оларды жою жолдары талқыланды. Жиналыс барысында ата-аналар тарапынан да ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Олар өз балаларының дайындық деңгейін арттыру, қосымша сабақтарға қатысуын қамтамасыз ету, үй жағдайында бақылауды күшейту мәселелеріне назар аударды. Қорытынды бөлімде мектеп әкімшілігі ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының тұрақты түрде жүргізілетінін және әр оқушының жетістігі жеке бақылауда болатынын атап өтті.