Кезекті №3 ДЖК отырысы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кезекті №3 ДЖК отырысы
30
октябрь
2025

Кезекті №3 ДЖК отырысы

Кезекті №3 ДЖК отырысы
 30 қазан күні кезекті №3 директор жанындағы кеңес отырысы өткізілді. Кеңеске 11 мұғалім қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
  1. 9,11 сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауға байланысты дайындығы.
  2. 4,9- сынып оқушыларының ББЖМ-ға байланысты дайындығы.
  3. Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік   рәміздерінің  насихатталу  деңгейі
  4. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі қомиссия жұмысының қорытындысы
  5. «Тәуелсіздік және Отаншылдық» айының іс-шара қорытындысын талдау
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ДОЖЖО Г.Тескенбаева сөз алып, 9,11 сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауға байланысты дайындығы туралы мәлімдеп өтті. 2025–2026 оқу жылының бірінші жарты жылдығында мектеп бойынша қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Барлық пән мұғалімдері бекітілген күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес білім алушылардың оқу үлгерімін, оқу жетістіктерін жүйелі түрде бақылап, талдау жасап отырады.9-сыныптар бойынша: 9-сыныпта жалпы 42 оқушы білім алады. Олардың барлығы қорытынды аттестаттауға қатысуға дайындық үстінде. 
    Екінші мәселе бойынша да  Г. Тескенбаева сөз алып, 4,9- сынып оқушыларының ББЖМ-ға байланысты дайындығы туралы мәлімдеді. 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығында мектепте 4 және 9-сынып оқушыларының ББЖМ-ға (білім сапасын сырттай бағалау мониторингі) қатысуы жоспарланған. Бұл бағалау жұмысы білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін, оқу дағдылары мен функционалдық сауаттылықтарын анықтауға бағытталған. Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері тарапынан дайындық жұмыстары жоспарлы түрде ұйымдастырылуда. Оқу жылының басынан бастап оқу сапасы мен үлгерім деңгейіне ай сайын талдау жүргізіліп келеді.
     Үшінші мәселе бойынша ДТЖЖО Ұ.Миравилдаева сөз алып, Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік   рәміздерінің  насихатталу  деңгейіне тоқталды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран – елдің тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын аса маңызды құндылықтар болып табылады. Осыған орай мектепте мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен насихаттау бағытында жүйелі түрде тәрбиелік іс-шаралар жүргізілуде.
       Төртінші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы А.Салықбаева сөз алып, Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі қомиссия жұмысының қорытындысы туралы мәлімдеді. 2025 жылдың   2, 9, 16, 23  қазан күндері мониторинг жүргізу жөніндегі бракераж комиссиясының құрамы жұмысын тексеріп, АКТ – сі жасалды. Мектепте 396 оқушы бар,  АӘК алатын 7 отбасының 12 оқушысы, алқалы орган шешімімен 12 отбасының 18 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, 2025-2026 оқу жылында барлық бастауыш 1-4  сыныптардағы 136 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оқушылардың тізімі жасалынып, кезекшілік кестесі ұйымдастырылған. Қазан айында тамақ ішпеген оқушылар 3 оқушы жалпы қалған күндері  12 күн. Келмеу себептері ауырып қалды.  Бесінші мәселе бойынша ДТЖЖО Ұ.Миравилдаева сөз алып, «Тәуелсіздік және Отаншылдық» айының іс-шара қорытындысына талдау жасады. Қазан айында мектепте «Тәуелсіздік және Отаншылдық» айлығы жоспарына сәйкес бірқатар тәрбиелік, мәдени және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді деп тоқталды.