Директор жанындағы кеңес » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Директор жанындағы кеңес
28
август
2023

Директор жанындағы кеңес

№6 жалпы орта білім беретін мектебі                                              
      2023 жылдың 29 тамыз күні  кезекті директор жанындағы кеңес өткізілді. Кеңеске мектеп әкімшілігінен  11 мұғалім қатысты. Қаралған күн тәртібіндегі мәселелер:
  1. Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы, материалдық-техникалық базаның жабдықталу жағдайы;
  2. 1 қыркүйек «Білім күніне» дайындық жұмыстары;
  3. 9-11 сынып оқушыларының еңбекпен қамтылуы және кәсіптік бағдар беру кеңесін                    құру;
  4. Оқушыларының оқулықпен қамтылу жағдайы;
  5. Мектепке  жол» акциясының  ұйымдастырылу  жұмыстары.
   Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Б.С.Менилбеков сөз алып, мектептің жаңа оқу жылына дайындығына , материалдық-техникалық базаның жабдықталу жағдайына тоқталып өтті. 2023-2024 жаңа оқу жылында мектеп өз жұмысын жоспарлы түрде бастап, жұмыс жүргізілуде. Оқу жылы аяғында мектеп кабинеттері ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтіліп, кабинеттер санитарлық талапқа сай жабдықталынды. Барлық кабитетте  өз пәндеріне  сай дидактикалық материалдармен толықтырылуда. Кабинеттің сақталуына жыл бойы жауапты болып кабинет меңгерушілер мен сыныптар бұйрықпен бекітілген. Мектептің санитарлық -гигиеналық талапқа сай  тазалығына жауапты мектептің шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Н.Ашамай бекітілген. Мектеп сырты әктелінген және аула таза айтып өтті. Екінші мәселе бойынша ДТІЖО Ж.Балабекова  1 қыркүйек «Білім күніне» дайындық жұмыстарының жоспарын таныстырды. Үшінші мәселе бойынша ДОТІЖО Г.Тескенбаева  9-11 сынып оқушыларының еңбекпен қамтылуы туралы мәлімет берді. Төртінші мәселе бойынша мектеп кітапханашысы  Р.Оналбаева сөз алып, оқушыларының оқулықпен қамтылу жағдайы 100% екенін айтып, оқулықтардың саны туралы мәлімет беріп өтті. Бесінші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы Р.Рахышова  «Мектепке   жол» акциясының   ұйымдастырылу  жұмыстарына тоқталды.