№5 кезекті директор жанындағы кеңес отырысы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №5 кезекті директор жанындағы кеңес отырысы
30
декабрь
2025

№5 кезекті директор жанындағы кеңес отырысы

№5 кезекті директор жанындағы кеңес отырысы

 2025 жылдың 30 желтоқсан күні кезекті №5 директор жанындағы кеңес (ДЖК) отырысы өтті.

Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелер қаралды:

  1. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы
     Әлеуметтік педагог Салықбаева А. тарапынан оқушылардың тамақтану сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелері таныстырылды. Тамақтану талаптарының сақталуы, асхананың санитарлық жағдайы және оқушылардың қамтылу деңгейі талданып, тиісті ұсыныстар берілді.
  2. Мектеп құжаттарын бақылау
     ДОЖЖО Тескенбаева Г.К. алфавиттік кітап, бұйрық кітабы және оқушылардың жеке құжаттарының жүргізілу жағдайы бойынша баяндама жасады. Құжаттардың талапқа сай жүргізілуі және анықталған кемшіліктерді жою жолдары қарастырылды.
  3. 11-сыныптағы негізгі пәндердің жүргізілу деңгейі және ҰБТ-ға дайындық
     ДОЖЖО Тескенбаева Г.К. 11-сыныптарда негізгі пәндердің оқытылу сапасы мен ҰБТ-ға дайындық деңгейіне талдау жасады. Қосымша сабақтар, сынама тест нәтижелері және білім сапасын арттыру бойынша ұсыныстар айтылды.
  4. 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі
     Мектеп психологы Сейтказиева Ж.Ж. 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу барысы туралы ақпарат берді. Психологиялық бақылау нәтижелері мен ата-аналармен жүргізілген жұмыстар қорытындыланды.
  5. «Бірлік және ынтымақ» айлығы аясында өткізілген іс-шаралардың қорытындысы
     Айлық барысында өткізілген тәрбиелік және мәдени іс-шаралардың нәтижелері талданып, олардың тәрбиелік мәні мен тиімділігі атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.