ҰБТ тапсыру кезінде ережені сақтау және қолдануға тыйым салынатын заттар туралы түсіндіру. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ тапсыру кезінде ережені сақтау және қолдануға тыйым салынатын заттар туралы түсіндіру.
14
январь
2026

ҰБТ тапсыру кезінде ережені сақтау және қолдануға тыйым салынатын заттар туралы түсіндіру.

ҰБТ тапсыру кезінде ережені сақтау және қолдануға тыйым салынатын заттар туралы түсіндіру.
 2026 жылдың 14 қаңтар күні мектепте 11-сынып оқушыларымен
«ҰБТ тапсыру кезінде ережені сақтау және қолдануға тыйым салынатын заттар» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді.  Аталған іс-шараға 11-сыныпта білім алатын 33 оқушының 31-і қатысты, 2 оқушы түрлі себептермен қатыса алмады. Іс-шара барысында мектеп директоры Б.Менилбеков сөз сөйлеп, 2026 жылғы қаңтар айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) туралы толық ақпарат берді. Директор өз сөзінде ҰБТ-ның маңыздылығына тоқталып, бұл тестілеу оқушылардың жоғары оқу орындарына түсуіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар, ҰБТ тапсыру барысында тәртіп сақтау, белгіленген талаптарды орындау және адалдық қағидатын ұстану қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, ДОЖЖО Г. Тескенбаева ҰБТ тапсыру кезінде қолдануға қатаң тыйым салынған заттар туралы жан-жақты мәлімет берді. Атап айтқанда, ұялы телефондар, смарт-сағаттар, құлаққаптар, электронды құрылғылар, шпаргалкалар және басқа да ақпарат тасымалдаушы құралдарды тестілеу орнына алып кіруге болмайтыны ескертілді. Ережені бұзған жағдайда оқушы тестілеуден шеттетіліп, нәтижесінің жойылатыны нақты айтылды. Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Түсіндіру жұмысының нәтижесінде оқушылар ҰБТ ережелерімен толық таныстырылды. Таныстырылғаны туралы оқушылардан қол хат алынды. Аталған іс-шара хаттамаға енгізіліп, белгіленген тәртіпке сәйкес өткізілді.