Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық комиссиясы) мониторингті жүзеге асыру жұмысының қорытындысы туралы Ақпарат
Білім алушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында 2024 жылдың қараша айының 27 күні мектептің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ( бракераждық) комиссия «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында , жетім балалар мен ата-анаарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленушіні және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №95 бұйрығы мен «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығының талаптарына сәйкес мектеп асханасында тексеріс жүргізілді.
Тексеру қорытындысымен акт рәсімделіп, қорытынды комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері талқыланып, сарапталып, түзету бойынша ұсыныстар берілді.
Тексеру нәтижесі асхана жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды, қолдың тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді. Асханада мектеп басшысы бекіткен мәзір ілінген, онда тағамдардың атауы, әрдайым тағамның шығымы көрсетілген. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келеді.
Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің 48 сағаттық сынамасын қалдырып отырады. Сынамаларды қақпағы бар таза ( қайнатылған) шыны ыдысқа салынған. Тыйым салынған заттар сатылмайды.
Тексеру нәтижесінде :
- Қол жуатын орында сабын таусылған.
- Қағаз сүлгі жоқ
Кемшіліктерді жоюға 5 жұмыс күні ұсынылды.


