Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
2026 жылдың 11- ақпан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижесінде қол жуатын орында арнайы кептіргіштер , қағаз сүлгілер пайдаланылады. Білім алушыларға арналған қол жуатын 2 орын бар. Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау тоңазытқыштарда жүзеге асады. Болжам менюі бар, тамақ салмағы көрсетілген, күнделікті тамақ ас мәзірімен дайындалған. Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған арнайы шкафтар бар. Заттары арнайы киім сақтауға арналған шкафтарға ілінген. Нәтижесінде, тексеру соңынан актпен рәсімделді.
Тексеру нәтижесінде:
Асхана қызметкерлерінің аспазшының сыртқы келбетінің дұрыс болмауы бойынша кемшілікті жою асхана аспазшы А. Иманкуловаға ұсыныс берілді.