Ата-аналармен мектеп асханасында «Ашық есік күні» » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-аналармен мектеп асханасында «Ашық есік күні»
17
ноябрь
2023

Ата-аналармен мектеп асханасында «Ашық есік күні»

    2023-2024 оқу жылында №6 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша білім алушыларды мектеп асханасында  бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында   мектеп әкімшілігі 17 қараша  күні 1-4 сынып бастауыш сыныптар, аз қамтылған отбасынан шыққан 26  білім алушының ата-аналарына «Ашық есік күні» іс-шарасын  ұйымдастырды.

    Іс-шараның мақсаты: ата-аналарға дұрыс тамақтану туралы әңгіме жүргізіп,күнделікті ас мәзірімен таныстыру, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, жалпы ұйымдастыру жұмыс барысымен таныстыру. Ата-аналарға ұсынылған сауалнама арқылы  жалпы асхана қызметіне  көзқарасын анықтау.

      Бір мезгіл ыстық тамақпен ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10-қосымшасын «Жалпы білім беретін мектептердегі  білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларынасәйкес аз қамтылған отбасынан шыққан 25 (жиырма бес) білім алушы бір мезгіл тегін тамақпен қамтылған. Оның ішінде: АӘК алатын 25 оқушы, 1-4 сынып бастауыш 142 білім алушы, мектеп бойынша 155 білім алушы тамақтанып отыр. Екі ауысымға бөлінген, бекітілген кестеге сай тамақтанады. 

     Мектеп бойынша білім алушылардың бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысына жауапты маман директодың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Тескенбаева. Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия төрағасы- мектеп директоры Б. Менилбеков, мүшелері: директодың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Тескенбаева, қамқоршылық кеңес   мүшесі Балкибекова З, медицина қызметкері- Э. Салғараева және әлеуметтік педагог З. Шалабаева бірнеше   ата-аналармен бірлесіп асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмысы, балалардың тамақтануы мен олардың санитарлық-гигиеналық ережені сақтауы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігімен таныстырды.

      Сонымен қатар ата-аналарға дайындалған «Тағамға ата-аналардың көзқарасы» сауалнамасы арқылы мониторинг жасау үшін сауалнама таратылды. 

      Сауалнама  қазақ тілінде алынып, жалпы 50 ата-ана жауап берді. Нәтижесінде  ата-аналар тарапынан  асхана қызметі мен тамақтың сапасына жақсы  баға берілді. 

      Соңынан ата-аналар аспазшыларға алғыстарын білдірді.