№6 ЖББМ Тамақтану туралы түсіндірме жұмысы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» №6 ЖББМ Тамақтану туралы түсіндірме жұмысы
02
октябрь
2020

№6 ЖББМ Тамақтану туралы түсіндірме жұмысы

Ата-аналармен түсіндіру жұмыстары


       №6 жалпы білім беретін мектебінде  2020-2021 оқу жылында   Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13- тамыздағы  «Коронавирустық  инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін  іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдары» туралы № 345 бұйрығының  2-қосымшасында көрсетілгендей қазіргі таңда мектеп асханасының   жұмысы  уақытша тоқтатылды.

Осы бағытта ата-аналармен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, тамақтандыруға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттар берілді.  

Мектепте 481 оқушының ішінде 15 отбасының 36 баласы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан балалар. Олардың  24 оқушысы 1-4 сыныпта, 12 оқушы 5-9 сыныпта оқиды.  Осы мектеп оқушыларыменде  тамақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету пандемия кезінде уақытша тоқтатылғаны туралы мәлімдеме берілді.  Дегенмен Қазақстан Республикасы 2018  жылғы 31-қазандағы №598 бұйрығын іске асыру шеңберіндегі «Білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияларға арналған жаднамасын»,  «Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялар) мониторингті жүзеге асыру бойынша ұсынымдарын» алдағы уақытта жұмыс барысында пайдалану мақсатында ата-аналар мен комиссия мүшелерінің арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.