«Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндік іс-шараның қорытындысы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндік іс-шараның қорытындысы
18
октябрь
2024

«Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндік іс-шараның қорытындысы

№6  жалпы орта білім беретін мектебі

«Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндік  іс-шараның 

қорытындысы 


Меркі ауданының білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 07.10.2024 жылғы № 1502 хатына сәйкес мектепте «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында ынтымақпен қамту жұмысының сапасын арттыру мақсатында 2024 жылдың  08-18 қазанкүндері аралығында он күндік іс шара жоспары қосымшаға сәйкес жасалынып, мектеп директорымен бұйрық бекітілді.

Іс шараның мақсаты: ыстықтамақпен қамту жұмысының сапасын арттыру, балаға дұрыс тамақтану ережелерін таныстыру.

2024 жылдың 09 қазанында«Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» атты іс-шараның ашылуы өткізілді. 

 «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» атты іс-шарамызды мектебіміздің директоры Менилбеков Бақтияр Смадилович алғы сөзімен ашып беріп, білім алушыларға «Дұрыс тамақтанудың адам ағзасына тигізер пайдасы» жөнінде айтып берді. Дұрыс тамақтану денсаулықты нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік беретінін, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттыратынын атап өтті. 

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тескенбаева Гүлзат  «Дұрыс тамақтануды  насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндік іс шараның жоспарымен таныстырды.

Мектеп мед бикесі Салқараева Эльмира жиынға қатысушыларға «Дұрыс тамақтанудың адам ағзасына тигізер пайдасы» туралы баяндамасын оқып, білім алушыларға таныстырды. 


https://www.instagram.com/reel/DA5Zi3_K6Gr/?igsh=MXRpcWhqYzJxOWRxNw==

2024 жылдың 10 қазанында « Дәмдінің бәрі пайдалы ма?» тақырыбында 4 ә сынып білім алушылары мен сынып жетекшісі Тажимбетова Айжан, мектептің мед бикесі Салқараева Эльмира  сынып сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушыларға топтық тапсырмалар беріліп, топтық жұмыстар жүргізілді. 

Бастауыш сыныптары « Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті» тақырыбында біріңғай сынып сағаттарын өткізді. 

Мақсаты: Оқушылардың жақсы денсаулығының , жан жақты дамуының кепілдігі тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, « Салауатты өмір салтының» анықтамасын мектеп мед бикесімен бірлесе отырып тұжырымдау.


https://www.instagram.com/reel/DA5Zi3_K6Gr/?igsh=MXRpcWhqYzJxOWRxNw==

https://www.instagram.com/p/DA8VTFWK4tn/?igsh=dDZneWZucXV2MzR1

2024 жылдың 11 қазан күні «Сіздің талғамыңыз:дәрумендер немесе фастфуд?» тақырыбында 10 сыныптар арасында пікір-талас ұйымдастырылып, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қалдыбаева Гүлжан « Қазіргі таңда дұрыс тамақтану мен жылдам өмір салты арасындағы таңдау – өзекті мәселелердің бірі» екенін түсіндіре отырып, бір жағынан, дәрумендер денсаулықты сақтаудың басты құралы болса, екінші жағынан фастфуд адамдардың қарбалас күндерінде жиі тұтынатын тағамға айналғандығын  атап өтті. Оқушыларды екі топқа бөліп,  бір топ – дәрумендерге бай тағамдарды қолдайды, екінші топ- фастфудты қолдайды. Осы екі топ өз ойларын айтып, пікірталасқа түсті. 
Спикерлер өз ойларын айтып жоғары денгейде пікір талас өтті. 
2024 жылдың 14 қазанында « Тазалық ағза саулығының кепілі» тақырыбында мектептің мед бикесі Салқараева Эльмира білім алушылармен  дөңгелек үстел өткізді. Адам өмірінде тазалықтың алар орны маңызды екендігітуралы айтылып, жан тазалығы мен тән тазалығы туралы ой қозғалды.
Мақсаты: Тазалық- денсаулық кепілі. Тазалық бар жер әрқашанда жақсы өмір қатар жүреді. Адам өмірінде тазалықтың алар орны маңызды. Жаны таза адамның өмірге деген көзқарасы жарқын, ерекше болады. Тазалық әркезде де біздің жанымыздағы сенімді серігіміз болуы шарт. Адамның сырт келбеті де, ішкі жан дүниесі таза болуы шарт. Сырт келбеттің тазалығы сені ортада әдемі етіп көрсетсе, жан дүниенің тазалығы адамдар арасындағы абыройыңды жоғарылатады. « Жан дүниенің тазалығына сенің адалдығың мен мейірімділігің, өтірік айтпайтын шыншылдығың, өзгеге көмектесетін жанашырлығың жатады» - деп, қорытындылады. Мектеп мейірбикесі Салқараева Эльмира. 
2024  жылдың 15 қазан күні «Асханаға қош келдіңіз!» ашық есік іс-шарасы ұйымдастырылды.

2024-2025 оқу жылында №6 жалпы орта білім беретін мектебі  бойынша білім алушыларды мектеп асханасында  бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында  15 қазан  күні 1-4 сынып бастауыш сыныптар, аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушының ата-аналарына «Асханаға қош келдіңіз!» ашық есік іс-шарасы ұйымдастырылды.

    Іс-шараның мақсаты:ата-аналарға дұрыс тамақтану туралы әңгіме жүргізіп,күнделікті ас мәзірімен таныстыру, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, жалпы ұйымдастыру жұмыс барысымен таныстыру болды. Ата-аналар балаларының бір мезгіл ыстық тамақ ішіп жатқанына ризашылықтарын білдіріп, өз кезегінде аспазшыға да рахметтерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.
2024 жылдың 15 қазан күні «Тамақтану сапасы бойынша ата-аналар мен білім алушылардан» сауалнама алынды.

Мақсаты:Ата-аналар мен білім алушыларға  ұсынылған сауалнама арқылы  жалпы асхана қызметіне  көзқарасын анықтау болды. 

Мектеп бойынша білім алушылардың бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысына жауапты маман директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Тескенбаева. Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия төрағасы- мектеп директоры Б. Менилбеков , мүшелері: директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тескенбаева Г, медбике- Э. Салқараева және әлеуметтік педагог З. Шалабаева  бірнеше   ата-аналармен бірлесіп асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмысы, балалардың тамақтануы мен олардың санитарлық-гигиеналық ережені сақтауы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігімен таныстырды.

      Сонымен қатар ата-аналарға дайындалған «Тағамға ата-аналардың көзқарасы» сауалнамасы арқылы мониторинг жасау үшін сауалнама таратылды. 

      Сауалнама  қазақ тілінде алынды.  Нәтижесінде  ата-аналар тарапынан  асхана қызметі мен тамақтың сапасына жақсы  баға берілді. Соңынан ата-аналар аспазшыларға алғыстарын білдірді.




https://www.instagram.com/p/DBI57osq2JO/?igsh=MXB6cmdzNXk2NXE4dg==


2024 жылдың 17 қазанында«Ыстық тамақпен қамту жұмысының сапасын арттырайық» тақырыбы аясында  бракераж комиссиясының отырысы өтті. Бракераж комиссия мүшелері әдеттедегідей асхананың, ас блогының, ас мәзірінің санитарлық жай-күйін қарап, ас қоймаларының тазалығын назарға алды. 

Нәтижесінде асхананың, ас блогының тазалығы, су диспансерлері, қол жуғыштар, қол кептіргіштердің санитариялық талаптарға сай келуі анықталды. Мониторингтік акт жасалып, буфеттік өнімдердің сапасын арттыру туралы аспазшыға ескертілді.