«Үздік мекеме ауласы - 2023» акциясының орындалуы туралы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік мекеме ауласы - 2023» акциясының орындалуы туралы
31
май
2023

«Үздік мекеме ауласы - 2023» акциясының орындалуы туралы

   Меркі ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №47 «Аудандағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша көктемгі екі айлық кезінде атқарылатын жұмыстардың іс-шарасын бекіту туралы» қаулысы негізінде 2022 жылдың 1-сәуір мен 1-мамыр аралығында №6  жалпы орта білім беретін мектеп   "Үздік мекеме ауласы" атты көгалдандыру акциясы аясында мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Ашамай Нұрғалидың ұйымдастыруымен мектептің ер мұғалімдері спорт және стадион алаңдарының қоршауына түзету, мекемеге тиісті жер учаскелеріне тазалық жұмыстарын жүргізді. 

Үздік мекеме ауласы-2023" акциясы аясында  №6 ЖОББМ-де 5-9 сынып "Жас ұландықтары" арасында "Таза болса табиғат, Аман болар адамзат" ұранымен тазалықты қамтамасыз ету сенбілік іс-шаралары ұйымдастырылды. 185- түп бір жылдық гүл кана.50-түп көпжылдық роза.14-түп көп жылдық тал гүлі. 10-түп шырша отырғызылды. Сенбілікте мектеп айналасын қоқыстардан тазарту, талдың түптерін қопсыту, ауланы сыпыру сияқты жұмыстарды жасады.