«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік жарақатынан сақтандыру»
2023-2024 оқу жылындамектеп оқушылары арасында «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік жарақатынан сақтандыру» профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға мектеп директорының жауапты қызметкерлерді тағайындау бұйрығы шығып, іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Іс-шаралар жоспарымен мектеп ұжымы таныстырылды.
«Жолда жүру ережесі» жұмыстарын жүргізуге арналған стенд орналастырылып, үстел үсті макеттер,практикалық сабақтар өткізу үшін жол қиылысы салынған автоалаң, оқушылардың мектепке келуі және кетуі кезіндегі жол қауіпсіздігі бағыттары көрсетілген мектеп жанындағы көше сызбасы жасалды.ДТЖО Ж.Балабекованың жетекшілігімен «Жол қозғалысының жас инспекторлары» жаңа құрамы құрылды. Оқушылардың мектепке қатынайтын жол өткелдеріне мұғалімдер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып, жылдық кезекшілік кестесі жасалып бекітілді.Көлік жүргізушілердің назарын аудару үшін оқушылар өткелдеріне жол белгілері орнатылды.