04
октябрь
2021
«Қыз болашағы – ел болашағы» тақырыбында өткізілген әдептілік сабақ
«Қыз болашағы – ел болашағы» тақырыбында өткізілген әдептілік сабақтың
Анықтамасы
2021 жылдың қазан айында 04 күні 8-11 сынып қыздар арасында «Қыз болашағы –ел болашағы» тақырыбында әдептілік сабақ өтті. Барлығы 56 оқушы қатысты . Ақын Абай: «Жаман тәрбие – болашақтағы қайғыңыз» деген. Қыздың абыройы мен ары – бүкіл елдің абыройы мен ары. Қыз – әдемілік пен іңкәрлік символы. Жібектей мінезімен уыздай тәтті қылығымен, іскерлігімен, ұқыптылығымен, ізеттілігімен, иманды, инабаттылығымен сыйлы. «Қызға қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю» деген аталы сөз желкілдеп өскен қыр қызғалдағына көрсетілген қысым емес, қайта пәк күйінде құлпырып өссін, жаман аттан аулақ болсын деген ниеттен туған.
Қазақ қыздарынан қаншама ақылгөй даналар, мейірімді аналар, отбасының құты мен берекесі бола білген тұлғалар туралы айтылды. Мектеп тәлімгері Д. Кожайбаева жүргізіп, оқушыларға жан-жақты мәлімет берілді.