11 сынып білім алушыларының 28 мамыр күні тапсырған емтихандары туралы мәлімет » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11 сынып білім алушыларының 28 мамыр күні тапсырған емтихандары туралы мәлімет
28
май
2024

11 сынып білім алушыларының 28 мамыр күні тапсырған емтихандары туралы мәлімет

​​​​11 сынып білім алушыларының 28 мамыр күні тапсырған емтихандары туралы мәлімет
     2024 жылдың 28 мамыр күні 11 сынып білім алушыларынан қазақ тілі пәнінен жазбаша емтихан алынды. 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау – білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында   қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім. 11 сыныпта барлығы -14 оқушы бар. Емтихан сағат 10:00-де басталды. Білім алушылар эссе жазу үшін ұсынылған тақырып  бойынша тапсырмалар орындап, өз білімдерін көрсетті.  Эссе жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 250-300 сөзден тұрады. Эсседе оқушы тақырыпқа сай көтерілген мәселе бойынша дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.   
Емтихан тапсыру барысында ешқандай құқық бұзушылық іс- әрекеттер орын алған жоқ. Емтихан ережесі сақталынып, өз уақытында аяқталынды.