Кезекті педагогикалық кеңес » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кезекті педагогикалық кеңес
01
ноябрь
2024

Кезекті педагогикалық кеңес

Кезекті педагогикалық кеңес
2024 жылдың 1 қараша күні кезекті  педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңеске барлығы-53 мұғалім қатысты. Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1.Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі қомиссия
жұмысының қорытындысы;
 2. І-тоқсан қорытындысы мен мемлекеттік білім стандарты талаптарының пәндер бойынша орындалуы жағдайы. БЖБ, ТЖБ орындалу сапасы;
3. 5-11 сыныптардағы химия, биология, физика, география, пәндерінің айлығының  қорытындысы;
4. АІІ бөлімінде және мектепішілік есепте тұрған оқушылармен  жұмыс;
5. ҰББДҚ базасының жүргізілу деңгейі;
6. 9-11 сыныптың «Алтын белгі», Үздік аттестатқа үміткер оқушыларын ұсыну; 
Ағымдағы мәселелер: Сағат белдеуінің өзгеруіне байланысты кешкі мезгілде бала  қауіпсіздігі мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоңырау кестесіне өзгерту енгізу туралы
Күн тәртібіндегі 1- ші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы З.Шалабаева сөз алып, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі қомиссия  жұмысының қорытындысымен таныстырып шықты. санаттағы балаларды 2024-2025 оқу жылында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамту мақсатында 2024 жылдың 29 тамызындамектепішілік тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия (әрі қарай - комиссия) құрамын, жауапты мамандарды бекіту, ауыз су режимін ұйымдастыру және мектеп асханасында жекелеген тамақ өнімдерін сатуға тыйым салу туралы мектеп директорының бұйрықтары қабылданып бекітілді деп мәлімдеді. 
2-ші мәселе бойынша ДОТІЖО Г.Тескенбаева сөз алып, І-тоқсан қорытындысы мен мемлекеттік білім стандарты талаптарының пәндер бойынша орындалуы жағдайы мен  БЖБ, ТЖБ орындалу сапасына тоқталды. 2024-2025 оқу жылының 1 тоқсанында мектепте 1-11 сыныптар бойынша  418 оқушы бар. Мектепалды даярлық тобында -36 бала тәрбиеленуде. Қозғалыс бойынша тоқсан ішінде 4 оқушы аудан, облыс мектептеріне ауысып, 3 оқушы аудан, облыс мектептерінен ауысып келді. 7 оқушының да анықтамалары бар, күнделік кз. келген оқушылар тіркеліп, кеткендері шығарылды. І тоқсан қорытындысы  мен мемлекеттік білім стандарты талаптарының пәндер бойынша орындалуы жағдайы талапқа сай орындалуда. Барлығы - 418 оқушы.1-4 сыныпта 139 оқушы, 1 сыныпты қоспағанда 31 оқу озаты, 40 оқу екпіндісі, 35 орташа оқушы. Сапа – 68,2% көрсетті. 2023-2024 оқу жылының қорытындысымен салыстырғанда 5%өсу ауқымы бар. 5-9сыныпта 222 оқушы, 42 оқу озаты, 109 оқу екпіндісі, 71 орташа оқушы. Сапа – 68%көрсетті. 2023-2024 оқу жылының қорытындысымен салыстырғанда 7%өсу ауқымы бар.            10-11сыныпта 57 оқушы, 11 оқу озаты, 27 оқу екпіндісі, 19 орташа оқушы. Сапа – 66,7%көрсетті. 2023-2024 оқу жылының қорытындысымен салыстырғанда 6,7%өсу ауқымы бар. Жалпы 2-11 сыныпта 84 оқу озаты, 176 оқу екпіндісі, 125 орташа оқушы. Сапа – 67,5% көрсетті. 2023-2024 оқу жылының қорытындысымен салыстырғанда 6,1%өсу ауқымы бар. Аттестатталмай қалған оқушы жоқ. БЖБ, ТЖБ жұмыстары барлық пәндерден кесте бойынша алынып, жұмыстары талапқа сай тексерілген. Бағалары күнделік кз. қойылыған.  Пәндер бойынша І-тоқсанның білім сапасы  жеке тоқталып, айтып өтті.
3-ші мәселе бойынша ДОТІЖО Г.Тескенбаева сөз алып, 5-11 сыныптардағы химия, биология, физика, география, пәндерінің айлығының  қорытындысымен таныстырып өтті. 2024 жылдың  1-24 қазан аралығында мектепішілік бақылау жоспарына сай химия, биология, физика, география, пәндерінің айлығы өткізілді. Айлықтың мақсаты - жаратылыс пәндерінің стандартқа сай орындалуын, күнтізбелік жоспарларының үлгілік бағдарламаларға сәйкестігін, әдістемелік жұмыстарының барысын, жаңа білім беру мазмұнының талапқа сай жүргізілуін және шығармашылық жұмыстарын тексеру.                                                                                            4-ші мәселе бойынша ДТІЖО Ж.Сейтказиева сөз алып, АІІ бөлімінде және мектепішілік есепте тұрған оқушылармен  жұмысы туралы мәлімдеме жасады. АІІ есепте оқушылар жоқ, мектепте 3 оқушы есепте екені айтылды.                            5-ші мәселе бойынша бағдарламашы Г.Балабекова сөз алып, ҰББДҚбазасының жүргізілу деңгейіне тоқталып өтті. 2024-2025 оқу жылында  419 оқушы енгізілді. Базаның 8 бөлімі толық толтырылып, тексерілді. 2-ші бөліміне қызметкерлер толық енгізілді. Мұғалімдер базасы жаңартылды. Мектептің техникалық-материалдық бөліміне жаңа мәліметтер енгізіліп, толықтырылды деп айтып өтті. 
6-ші мәселе бойынша ДОТІЖО Г.Тескенбаева сөз алып, 9-11 сыныптың «Алтын белгі», Үздік аттестатқа үміткер оқушыларын таныстырып шықты.Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы негізінде 3 тарау, 48 тармақшасында  5 – 9 (10)-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5" болған 9 (10)-сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат және 3 тарау 49 тармақшада  жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін пәндерден "5" болған және 10 (11) - 11 (12) сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары "5" болған 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік, «Алтын белгі»  аттестаты беріледі деп  таныстырып өтті. 
Ағымдағы мәселе бойынша мектеп директоры Б.Менилбеков сөз алып,сағат белдеуінің өзгеруіне байланысты кешкі мезгілде бала  қауіпсіздігі мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоңырау кестесіне өзгерту енгізу туралыайтып шықты.