28
январь
2025
Білім алушыларды «Қазақ тілі» пәнінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау туралы
Білім алушыларды «Қазақ тілі» пәнінен 5-8, 10 -сыныптарда
аралық аттестаттау туралы
2025 жылдың 28 қаңтар күні мектепте кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңеске 50 педагог қатысты. Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1.Білім алушыларды «Қазақ тілі» пәнінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным туралы.
2. Білім алушыларды «Қазақ тілі» пәнінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау өткізудің емтихан мазмұны және іс-шаралар жоспарын бекіту.
Бірінші мәселе бойынша ДОТІЖО Г.Тескенбаева сөз алып, білім алушыларды «Қазақ тілі» пәнінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным туралы түсіндіріп өтті. Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім. Қазақ тілі бойынша емтихан 125-бұйрықтың 35-тармағына сәйкес білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жыл аяқталған кезде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі» және оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өткізіледі. Аралық аттестаттау мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру талаптарына сәйкес бағалау. Аралық аттестаттаудың міндеті:білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын бекіту туралы 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы, Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің2008 жылғы 18 наурыздағы№ 125 бұйрығының 1-қосымшасы. Емтихан қазақ тілінде өтеді. Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады (27-31 мамыр аралығында 9,11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау уақытынан басқа уақытта өткізу ұсынылады) деп тоқталып өтті.
Екінші мәселе бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Калдыбаева сөз алып, білім алушыларды «Қазақ тілі» пәнінен 5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау өткізудің емтихан мазмұны мен іс-шаралар жоспарын таныстырып өтті. Мақсаты:
- Оқушылардың қазақ тілі пәнінен білім деңгейін анықтау.
- Дұрыс бағыт беру үшін қажетті ақпарат алу.
- Аралық аттестаттау нәтижелері арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру деп тоқталып өтті.Іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.