28
сентябрь
2023
Ата - аналармен ҰБТ туралы жиналыс өткізілді
2023 жылдың 28 қыркүйек күні №6 жалпы орта білім беретін мектебінде 11 сынып білім алушыларының ата-аналарымен ҰБТ туралы жиналыс өткізілді. 2023-2024 оқу жылында ҰБТ тапсыратын мектеп түлектердің саны -13. Мектеп директоры Менилбеков Б. ата-аналарды бітірген мектеп түлектерінің ҰБТ нәтижесімен таныстыра отырып, биылғы жылы тестілеуге енгізілетін өзгерістерді хабарлады. Шығармашылық бағытта «Қазақстан тарихы», «Математикалық сауаттылығы» және «Оқу сауаттылығы» пәндерінен тапсыратыны туралы айтып өтті. Жиналыс барысында ДОТІЖО Тескенбаева Г. «ҰБТ - 2024» ережесімен таныстырып шықты. ҰБТ – бұл оқушының орта мектеп курсы бойынша бағалау түрі.Жаңа формат бойынша енгізілген баллдық жүйеге тоқталды. *Қазақстан тарихы пәнінен – 20 сұрақ;
*Оқу сауаттылығынан -10 сұрақ;
*Математикалық сауаттылығынан -10 сұрақ;
* Таңдау пәндерінен :
1 таңдау пәнінен -40 сұрақ;
2- таңдау пәнінен -40 сұрақ.
Барлығы 120 сұрақ – 140 балл.Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 30 минут (210 минут) деп таныстырып өтті.


*Оқу сауаттылығынан -10 сұрақ;
*Математикалық сауаттылығынан -10 сұрақ;
* Таңдау пәндерінен :
1 таңдау пәнінен -40 сұрақ;
2- таңдау пәнінен -40 сұрақ.
Барлығы 120 сұрақ – 140 балл.Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 30 минут (210 минут) деп таныстырып өтті.


