Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұстаздарды марапаттады
Қазақстан Республикасының ең ұлық мерекесі- Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейлі мерекесі қарсаңында № 6 жалпы орта білім беретін мектебінде салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды мектеп директоры Б.С.Менилбеков ашып кәсіподақ ұйым мүшелерін Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі –Тәуелсіздік күнімен құттықтау сөз сөйлеп, білім саласы бойынша аудандық, облыстық Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталған ұстаздардың марапаттарын табыс етті. Кезекті сөз кезегін кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.С.Айтбаеваға берілді.
Ұйым мүшелерін Тұғыры биік Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтай отырып, Тұғыры- тыныштық, тірегі –тұрақтылық, тілегі –татулыққа негізделген Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болсын!. Көк туымыз көктен түспей, бейбіт күннің берер бағы мен байлығы тарқамасын! Мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен кемелдену жолындағы еңбектеріңіз табысты болып, баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық бақ-береке тілеймін- деп өз тілегін білдірді.
Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ комиссия мүшелерінің шешімімен біілім беру саласындағы еңбегі мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін, жам жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі көрсеткен жетістіктері үшін, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектеп ұжым мүшелерін Құрмет грамотасымен марапаттады.


