09
октябрь
2025
«ҰБТ -2025» оқушыларға түсіндіру жұмыстары туралы
№6 жалпы орта білім беретін мектебі 10 қазан 2025 ж.
«ҰБТ -2025» оқушыларға түсіндіру жұмыстары туралы
2025 жылдың 9 қазан күні 11 сынып оқушыларына «ҰБТ -2026» түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп директоры Б.Менилбеков биылғы ҰБТ-ге дайындық жұмысы сапалы түрде дайындықты қажет ететінін және өткен жылдар сараптамасымен салыстырылатынын түсіндірді. Мектеп бітіруші түлектердің биылғы тестілеу кезінде қандай өзгерістер, нендей жеңілдіктер болады дегенді асыға күтіп отырғаны анық. ДОТІЖО Г.Тескенбаева оқушыларды «ҰБТ -2025» ережелерімен таныстырып шықты. 2025 жылғы ҰБТ жаңалықтарын бөлісейік. Былтыр емтиханның форматындағы барлық өзгеріс жаңа оқу жылының басында жария етілді. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі. Жоғары білімді оңтайлы етудің маңызды қадамы – ҰБТ тапсырмаларын жетілдіру. Біз нәтижелерді қалыптастыру мен талдауда психометриялық тәсілдерді қолдана отырып, стандартталған форматқа көшеді. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес келеді. 2025 жылғы ҰБТ-да тест сұрақтарының саны өзгерді, сондай-ақ бейіндік пәндерге жаңаша тапсырмалар қосылып, тестілеу уақыты қысқарады. ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратын болады. Атап өтейін, бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады. Бұл өзгерістер – тест тапсырмаларының сапасын арттыру мен олардың функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын бағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкестігі бағытындағы жұмыстардың қисынды жалғасы», деп түсіндірді министр.ҰБТ тапсырмаларының саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды. Жоғарыда аталған өзгерістерге байланысты тестілеу уақыты қысқарады. Енді ҰБТ тапсыруға оқушыларға 3 сағат 30 минут (210 минут) бөлінеді. Бұрын 4 сағат (240 минут) берілген. Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.
ҰБТ-ға енгізілетін тағы бір жаңалық шығармашылық бағыттарды таңдаған талапкерлерге қатысты, енді олар «Қазақстан тарихы» мен «Оқу сауаттылығы» пәндерімен қатар «Математикалық сауаттылықты» міндетті пән ретінде тапсырады. «Математикалық сауаттылықтан» тест тапсырмалары талапкерлердің өмірде математикалық логика бойынша алған білімдерін, дағдыларын қолдана алуын тексеруге бағытталады.