№6 жалпы орта білім беретін мектебі кезектен тыс педагогикалық кеңес 2025 жылдың 25 сәуір күні күні » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №6 жалпы орта білім беретін мектебі кезектен тыс педагогикалық кеңес 2025 жылдың 25 сәуір күні күні
25
апрель
2025

№6 жалпы орта білім беретін мектебі кезектен тыс педагогикалық кеңес 2025 жылдың 25 сәуір күні күні

№6 жалпы орта білім беретін мектебі кезектен
тыс педагогикалық кеңес 
  2025 жылдың 25 сәуір күні  күні кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді. 56 педагог катысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Б.С.Менилбеков  «Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» және 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 10 шілдедегі  №174 бұйрығына  енгізілген  өзгерістер  мен толықтырулар туралы түсіндіру жұмысын жүргізіп, мәлімет беріп өтті. 9 (10)-сынып оқушылары үшін: 
1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2025 жылғы 29  мамыр; 
2) ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан білім алушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2025 жылғы 2  маусым;
3) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан ( биология, география,  әдебиет бойынша) – 2025 жылғы 5 маусым;
 4) орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2025 жылғы 10 маусым;
11 (12)-сынып оқушылары үшін: 
1)Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2025 жылғы 30 мамыр;
2)алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 4 маусым; 
3)ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 9 маусым;
4)таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (қазақ әдебиеті,физика) – 2025 жылғы 12 маусым.
5)орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2025 жылғы 16 маусым деп емтихан кестесін таныстырып шықты.
6)Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Тескенбаева сөз алып, қорытынды аттестаттау өткізудің іс-шара жоспарымен таныстырды. Сонымен бірге білім алушыларды  «Қазақ тілі» пәнінен 5-8,10 сыныптарда аралық аттестаттау өткізудің тәртібімен емтихан материалдарын дайындау жұмыстарынұйымдастыру туралы айтып, емтихан кестесімен таныстырды.